Әбдрахманова Эльмира Ысмайылқызы » «Батан» орта мектебі»
Алматы облысы білім басқармасының
Қарасай аудагы бойынша білім бөлімінің
«Батан ауылының орта мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(747) 975-53-07
"Әдіскер:
+7(747) 975-53-07
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Әбдрахманова Эльмира Ысмайылқызы
14
қазан
2026

Әбдрахманова Эльмира Ысмайылқызы

ӨМІРБАЯН
Мен, Әбдрахманова Эльмира Ысмайылқызы, 1987 жылы Қызылорда облысы, Шиелі ауданында дүниеге келдім.

1994 жылы Ы. Алтынсарин атындағы қазақ орта мектебінің 1-сыныбына қабылданып, 2005 жылы аталған мектепті аяқтадым.

2005–2009 жылдар аралығында Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде білім алып, химия пәні мұғалімі мамандығын меңгердім.

Еңбек жолымды 2009 жылы бастап, 2009–2020 жылдар аралығында Дарынды балаларға арналған арнайы гимназиясында химия пәні мұғалімі қызметін атқардым.

2020–2023 жылдары «Н. Әлімқұлов атындағы орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде химия пәнінің мұғалімі болып жұмыс істедім.

2023–2026 жылдары «Б. Соқпақбаев атындағы мектеп-гимназия» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде химия пәнінің мұғалімі қызметін атқардым.

Сонымен қатар, 2025–2026 жылдары «Gybrat» оқу орталығының директоры қызметін атқарып, білім беру саласындағы басқарушылық тәжірибемді жетілдірдім.

Еңбек жолымда оқушыларға сапалы білім мен саналы тәрбие беруді, олардың білімге деген қызығушылығын арттыруды және кәсіби шеберлігімді үнемі жетілдіруді басты мақсатым етіп келемін.

Қазіргі таңда білім беру саласындағы тәжірибемді пайдалана отырып, жас ұрпақтың сапалы білім алуына және жан-жақты дамуына үлес қосуды маңызды міндетім деп санаймын.
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив